
Ыстықкөл облысының Балықшы қаласындағы «Эдельвейс» оқу-жаттығу орталығында екі ел қарулы күштер бөлімшелерінің бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтті.
Орталық Азия өңіріне террористік қауіп төнген жағдайда бірлескен жауынгерлік және арнайы міндеттерді жедел өрістету мен орындау, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күштер мен құралдардың әрекеттерін оқу-жаттығуға жұмылған контингенттер іс жүзінде пысықтады.
Қазақстан мен Қырғызстанның Қорғаныс министрлері генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов оқу-жаттығудың белсенді кезеңін бақылады.
Оқу-жаттығу тартылған арнайы бөлімшелердің маршын, маневрлік және жауынгерлік мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік берді. Оған 60-тың үстінде Қазақстан әскери қызметшілері мен армия авиациясының ұшу экипаждары қатысты.