
Қорғаныс министрлігі «Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Аталған нормативтік құқықтық акт көрсетілген ережелерді «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарға сәйкес келтіру, бұдан бөлек бітімгершілік саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 15 тамызына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14652416 сілтеме бойынша танысуға болады.