Қорғаныс министрлігінде Францияның Қазақстандағы әскери атташесі таныстырылды

Қорғаныс министрлігінде Францияның Қазақстандағы әскери атташесі таныстырылды

Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов француз елшілігінің өкілдерімен кездесті.

Шара Францияның Қазақстандағы елшілігі жанындағы әскери атташесі полковник Жан-Филипп Тардьенің миссиясының аяқталуына байланысты ұйымдастырылды.

Әскери ынтымақтастық саласындағы Ж-Ф.Тардье қызметінің қорытындыларын талқылағаннан кейін Қазақстандағы Францияның жаңа әскери атташесі полковник Роберт Аземанды таныстырды.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Жан-Филипп Тардьеге Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары атынан алғыс хат жолдап, жаңадан тағайындалған әскери атташе полковник Роберт Аземанға жаңа саладағы қызметіне табыс тіледі.