
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Жетісу ауданының басқарма өкілдері 26 шілде күні Илья Григорьевич Кудинді туған күнімен құттықтап барды.
Илья Кудин 1927 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Майданға 1944 жылдың соңында Талды-Қорған облысынан аттанды. Соғыста артиллерия әскерінде болды.
Гитлерлік Германия жеңілген соң қызыл әскер жауынгері Қиыр Шығысқа жіберілді. Онда жапон милитаристерімен қақтығыс жалғасты. Сондықтан Илья Григорьевич әскерге алынғаннан соң 7 жылдан кейін ғана оралды.
Зейнеткерлікке шыққанға дейін бейбіт уақытта механизатор болып жұмыс істеді, III дәрежелі Отан соғысы орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Илья Григорьевичтің атасын мақтан ететін сегіз немересі және одан көп шөбересі бар.
Ардагермен әңгіме барысында әскери қызметшілер оның беріктігі мен жомарттығына таң қалды. Әскерилер қарияға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Өз кезегінде Илья Григорьевич те келушілерге қарттарға назар аударып, сұрапыл соғыс кезінде қатыгез жаудан аянбай жанын берген жауынгерлерді есте сақтағаны үшін алғыс айтты.