
Жаркент гарнизонында Талдықорған қаласының Әскери госпиталі мен Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті мамандарының біріккен тобы орналасқан.
Департамент өкілдері жеке құрамға Бүкілармиялық кеңесте ел Президентінің Қарулы күштерге жүктеген міндеттерін түсіндіруде.
Қарулы күштердің ардагерлерімен және басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылға қатысушылармен кездесулерде әскери-патриоттық жұмыс мәселелері талқыланып, 2030 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасының ұсыныстары қаралады.
Одан өзге емдеу мекемелерінде қаралып жатқан әскери қызметшілерге бару да ұйымдастырылды. Модульдік далалық госпиталь базасында әскери дәрігерлер әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне профилактикалық медициналық тексеру жүргізеді.
Әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды зерттеу жүріп жатыр. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, тұрғын үй және зейнетақы заңнамасы, әскери және азаматтық жоғары оқу орындарына түсу шарттары бойынша жеке қабылдау, кеңес беру ұйымдастырылды.
Бөлімше командирлері барған жерлерінде әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдың жайын тыңдайды. Тәрбие, идеологиялық, психологиялық жұмысты ұйымдастырылып, мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша басшылық құжаттар жеткізіледі.
Қажет дегендерге әдістемелік көмек көрсетіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында әскери полиция органдарымен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру тәртібі түсіндірілуде. Мұнымен қоса әскерилердің түрлі қажетті мүлікпен қамтылуы, қызметтегі міндеттерді, тәуліктік нарядты бөлуді, қызметтік уақыт регламентін сақтауды және сыйлықақы беруді зерделеу тұрғысынан анонимді сауалнама ұйымдастырылды.
Біріккен топ жұмысының қорытындысы бойынша әскери ұжымдарда тәрбие, идеологиялық, құқықтық және әлеуметтік жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленетін болады.