
Қорғаныс министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен әлеуметтік желілерде соңғы уақытта тараған көптеген хабарландырулар тіркелген. Онда қазақстандықтарға белгілі бір төлем үшін дербес деректерді сұрату арқылы ЭЦҚ-ны онлайн-режимде алуға немесе карантин кезінде табыстың болмауына байланысты жәрдемақы ресімдеуге көмек көрсетуді ұсынады.
Бұл ретте зиянкестер жеке деректерді, яғни банк карталарының деректемелерін, тіпті құпия сөздерді сұрайды. Үшінші тұлғалардың дербес деректерге қол жеткізуі адамды күмәнді мәмілелерге, оның мүлкіне немесе ақшалай қаражатына қауіп төндіруі мүмкін.
Зиянкестер бұл үшін әртүрлі схемаларды қолдана алады. Олардың ішінде ең көп таралғандар қаржы ұйымның жамылып несиелер мен қарыздарды ресімдеу немесе жоғары пайыздық мөлшерлемелер (қаржы пирамидасының белгілері) бар ақша салымдарын енгізу бойынша ұсыныстар. Алаяқтар сондай-ақ жеке деректерді енгізу немесе банк операцияларын жүргізуге қажет сілтемелер көрсетілген коронавирус туралы ақпараты бар электрондық хаттарды да жібере алады. Схемалардың бірі медициналық маскалар мен дәрілік препараттарды сатып алуды ұсынатын интернет-дүкендер мен дәріханалардың фишингтік сайттарын құрумен байланысты болуы мүмкін. Пайдаланушыларға қаражат аудару немесе төлем карталарының құпия деректерін енгізу ұсынылады.
Осыған байланысты әскери қызметшілер мен тұрғындарға қырағылық таныту керек. Атап айтқанда:
- Мемлекеттік қызмет пен кеңестер алу туралы сұрақтар бойынша, тек ресми мемлекеттік органдарға, электрондық үкімет қызметтерінің сервистеріне жүгіну «eGov.kz», «pki.gov.kz» керек.
- Қажет болған жағдайда ЭЦҚ паролін сайттағы жеке кабинет арқылы ауыстыруға болады «pki.gov.kz», немесе мүлдем қайтарып алуға.
- Төлемдерді растау үшін пайдаланылатын құпия сөздерді, кодтарды немесе өзге де құпия деректерді үшінші тұлғаларға хабарламау.
- URL мекенжайын тексеру. Әсіресе бейтаныс жіберушілерден алынған сілтемелер.
- Құпия ақпаратты енгізу қажет болған сайттарда https:// префиксін тексеру, мысалы құпия сөздерді.
- Браузердің қауіп туралы келетін хабарламаларына назар аудару
- Ұйымға күмәнді болсаңыз, онымен жеке байланысуға және ақпаратты нақтылауға болады.
- Барлық қол қойылатын құжаттарды мұқият оқып, көрсетілген деректердің дұрыстығын салыстырып тексеру.