Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери оркестрлер арасында өтетін «Астана – мәдениет керуені» атты I Халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтті.
Оған Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Түркия, Өзбекстан делегацияларының басшылары, шетелдік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Ол шетелдік қонақтарға музыкалық форумға қатысуға келіскені және елорда әкімдігіне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Қорғаныс министрінің орынбасары Халықаралық фестиваль достық байланыстарды дамытуға, халықаралық мәдени диалогты нығайтуға, бейбіт бастамаларды кеңейтуге және қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
– Шотландиядағы Эдинбург Корольдігі әскери оркестрлерінің парады, Ослодағы Норвегиялық әскери парад, Мәскеудегі «Спасск мұнарасы» фестивалі әлемге белгілі. Олар шетелде кеңінен танылған. Астананың мерейтойына арналған фестивальге бізге тамаша көңіл-күй сыйлап, жарқын естелік қалдыратын ең танымал шетелдік ұжымдарды шақырдық, – деді генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.
Баспасөз конференциясында шетелдік делегациялардың басшылары сөз сөйлеп, астаналықтарды қала күнімен құттықтап, ел басшылығы мен Қорғаныс министрлігіне шақырғаны үшін ризашылықтарын жеткізді.
Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Асенов барлық қатысушы қазақстандық авторлардың шығармалары мен қазақ халқының әуендерін орындайды, әр оркестр көрермендердің жүрегінде жанды әуенмен жол табатын тосын сыйлар әзірлеп келді деп атап өтті.
БАҚ өкілдерін фестивальге қатысушылардың жалпы саны, 500-ден аса қатысушы бар екенін айта кетейік, оған қоса оркестрлерге іріктеу ережелері, осындай форумдарға қатысуы, репертуары және бағдарламалардың мазмұны қызықтырды.
Шетелдік қонақтар қарқынды дамып келе жатқан елорданы таңданыспен және оның қонақжай тұрғындарын ерекше ілтипатпен атап өтті.
Әскери оркестрлердің жанды орындауын бүгін, Есіл жағалауындағы амфитеатрда сағат 19.30-да, жетінші шілдеде сағат 20-да бір уақытта «Бәйтерек» монументі ауданындағы алаңда, «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында және орталық саябаққа кіре берісте тамашалауға болады. Фестиваль сегізінші шілдеде «Барыс арена» мұз айдыны сарайында гала-концертпен аяқталады. Басталуы сағат 12.00-де. Кіру тегін.