
Қорғаныс министрлігі қалалық әкімдікпен бірлесіп елорданың 25 жылдығына орай ұйымдастырған «Астана – мәдениет керуені» I Халықаралық әскери-музыкалық әскери оркестрлер фестивалінде Әзербайжан Республикасының атынан Гейдар Әлиев атындағы Әскери институттың оркестрі өнер көрсетеді.
Бұл ұжым халықаралық фестивальдарда өз елінің музыкалық мәдениеті мен әскери әуенін лайықты деңгейде көрсетіп жүр. Астанаға Әзербайжаннан келген қонақтар басқа да шығармалармен қатар Жалал Каримовтың орындауында ұмытылмас Мүсілім Магомаевтың репертуарынан «Отты өлке» әні шырқалмақ. «Odlar-yurdu» деп аталатын әннің мағынасы Әзербайжан елінің көне атауы.
1992 жылы ақпанда Баку Біріккен командалық училищесінің базасында құрылған Гейдар Әлиев атындағы Әскери институт оркестрінің репертуарына кеңес одағының құрамында болған елдердің әскерлеріне таныс ұлттық әскери марштар да, дәстүрлі халық әуендері де кіреді.
Көрермендер болса ұлттық костюмдердің көріністерін және әсерлі халық билерінің мақамдары байқалатын Әзербайжан ұлттық үрмелі аспаптары – зурна мен балабанның әсем әуенін тамашалайтын болады.
Әзербайжанның халық әндері шамамен XIV ғасырға дейін Кавказ бен Таяу Шығыс халықтарымен бір музыкалық жанрда болғанын білдіреді. Осылайша, Әзербайжан халық музыкасы мугам әндерінің дәстүрлерінен тереңінен нәр алғаны, онымен қоса Құран жатқа оқитын азаншылар әуезінің үйлесімділігімен шығыс музыкалық мәдениетіне де келетіні байқалады. Бұл парсы шахтарының әуендерінен, ал орындау стилі Әзербайжан жыршыларынан мұраға қалған.
Әзербайжандық әскери қызметшілер өз костюмдерінің түсімен және ұлттық музыкалық аспаптарда орындалатын сазды музыкалық әуенмен қазақстандық және шетелдік көрермендерді баурап алары сөзсіз.