Жапонияның әскери оркестрі елорданың әуежайына келді

Жапонияның әскери оркестрі елорданың әуежайына келді

Жапонияның Өзін-өзі қорғау теңіз күштерінің «Токио бэнд» оркестрі елорданың 25 жылдығына арналған «Астана – мәдениет керуені» халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысады.

Жапон ұжымының өнерін елорда тұрғындары мен қонақтары алтыншы шілдеде Есіл өзенінің жағасындағы жазғы амфитеатрда көре алады, Band Marathon 19.30-да басталмақ.

Жапонияның әскери оркестрі орталық саябақ алаңындағы Перфоманс шоуына  қатысады, онда Қазақстан Президентінің оркестрі мен Үндістанның, Өзбекстанның әскери ұжымдары да өнер көрсетеді. Оркестрлер шоуы сағат 20.00-де өтеді.

Одан өзге олар сегізінші шілдеде сағат 12.00-де «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында өтетін гала-концертте де өнер көрсетеді.

Жапондық Өзін-өзі қорғау күштері әскери оркестрлерінің репертуары – ерте кезеңдегі ежелгі жапон әскери музыкасының және заманауи марштарының үлгілерінен тұрады.

Мысалы, жапондық «Әскер маршы» 1885 жылы француз композиторы Чарльз Леру «Баттотай және «Фусока» әскери эпопеялар (гунка) негізінде жазылған. Марш дегеніміз XII-XIV ғасырлардағы еуропалық поэзия мен әдеби әдеттің көрінісі.

Жапонияның Өзін-өзі қорғау теңіз оркестрінің «Токио тобы» – 70 жылдық тарихы бар шығармашылық ұжым. Жапон музыканттарының стилі –қозғалыстардың үйлесімділігі мен әдеттегі дәстүрлі жапондық тайко барабандарында өнер көрсету.

Жапонияның Өзін-өзі қорғау теңіз күштері оркестрінің «Токио тобы» құрамында 2-ші дәрежелі капитан Уед Тэтсуоның басшылығымен 43 адам келді.