Қорғаныс министрлігі авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізеді

Қорғаныс министрлігі авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізеді

Қорғаныс министрлігімен ҚР Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясында авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізілуде.

Аталған ережелер ҚР мемлекеттік авиациясының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттерге тексеру жүргізу тәртібін, авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді тексеру бойынша комиссияның құзыретін, шет елдердің аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемесімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттерге тексеру жүргізуге қатысу шарттары мен тәртібін анықтайды. Бұдан басқа, олар сыныптау мен есепке алуды, сондай-ақ авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну жүйесін құру тәртібін айқындайды.

Енгізілетін өзгерістер тергеу жүргізудің сапасын арттыруға, жіктеу және есепке алу тәртібін жетілдіруге ықпал ететін болады. Бұйрық қолданысқа оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін енгізіледі. Толық мәтінмен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz