Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына Қытай әскери академиясының тыңдаушылары келді

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына Қытай әскери академиясының тыңдаушылары келді

Қытай Халық азат ету армиясы Зымыран әскерлері академиясының бастығы генерал-майор Лан Цзи Ин бастаған делегация Астанадағы Ұлттық қорғаныс университеті мен Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында болды.

Қытай әскери академиясының тыңдаушылары зымыран әскерлері мен артиллерия мамандарын даярлау тәртібімен танысты. Аталған оқу орындарының басшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесулер өтті.

Тараптар атап өткендей, мұндай кездесулер достық қарым-қатынастарды нығайтуға және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.