
Құрметті сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, офицерлер мен генералдар! Құрметті ардагерлер!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге орай өз атымнан және Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы атынан шын жүректен шыққан құттықтауларды қабыл алыңыздар.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран Мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Мемлекеттік тудың аясында жас жауынгерлер Отанына адал болуға ант береді.
Орталық элементі шаңырақ болып табылатын мемлекеттік елтаңбада халықтың ғасырлық құндылықтары, оның бейбітшілікке, келісімге және тату көршілікке деген ұмтылысы бейнеленген.
Мемлекеттік әнұран еліміздің азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси шоғырландыру және этномәдени сәйкестендіру үшін маңызды рәміз ретінде әрекет етеді. Күн сайын Қарулы күштер түрлерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері жауынгерлік кезекшілікке түсерде Гимн орындалады.
Біз беделді халықаралық турнирлерде армия спортшыларының тамаша жеңістерінің құрметіне Мемлекеттік әнұран орындалған минуттарда ерекше мақтаныш сезімге бөленеміз.
Осы мерекелік күні баршаңызға амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, еліміздің Мемлекеттік Туы биікте желбірей берсін!