Өзбекстанның әскери сарапшылары Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби сержанттар институтымен танысты

Өзбекстанның әскери сарапшылары Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби сержанттар институтымен танысты

Астанада сержанттардың қызметін ұйымдастыру мәселелері төңірегінде Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы күштерінің құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыс консультациялары өтті.

Шетелдік қонақтармен ақпарат алмасу шеңберінде кәсіби сержанттар корпусының қолданыстағы үлгісін және олардың қызмет ету стандарттарын зерделеу мақсатында бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде өзбек әріптестерге сержанттарды даярлау, сержанттық лауазымдарға іріктеу және оларды толықтыру жүйесіне шолу көрсетілді.

Одан өзге шетелдік қонақтар Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне және Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің музейіне барды.