Қорғаныс министрлігі жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізед

Қорғаныс министрлігі жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізед

Қорғаныс министрлігі «Жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын əзірледі. Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты - әскери корабльдер мен кемелер үшін оқу-жаттығулар өткізуді қамтамасыз ету, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және навигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Бұйрық жобасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-5-бабының 2-тармағы негізінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығымен бекітілген «Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу» қағидаларына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Бұйрық жобасы «Электрондық Үкімет» порталында  «Ашық НҚА»  бөлімінде орналастырылды.