Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

2020 жылғы 16 сәуірде Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікке дайындық бойынша жоспарлы ұшулар кезінде Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға Қарағанды қаласыныңәуеайлағынаноңтүстікке қарай орын алды.Ұшқаннан кейін қозғалтқыштың біреуінен өрт шықты. Катапульттеуге бұйрықалғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты елдімекеннен алшақтау жазыққа қарай бағыттады, азаматтық тұрғындарға қауіп төнбейтініне көз жеткізгеннен кейін экипаж катапульттелді. Ұшқыштар аман. 

Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеру бойынша комиссия құрылды.

Оқиға орнына Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің іздеу-құтқару қызметінің жасағы келді.