
Қорғаныс министрлігімен 2019 жылғы 30 қазандағы № 871 қороғаныс министрінің «Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерту енгізеді.
Енгізілетін толықтырулар карантиндік стационарлар ретінде тартылған әскери-медициналық емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне ынталандыру сипатындағы қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйлықақылар және төлемдер белгілеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бәрімізге белгілі, Қарулы Күштер әскери-медициналық мекемелерінің әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері төтенше жағдай режимінің алғашқы күнінен бастап эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған. Бұл шара оларға қиын кезеңде лайықты материалдық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін Мемлекеттік комиссияның эпидемияға қарсы іс шараларға барлық медициналық қызметкерлерге қауіп дәрежесіне байланысты 3 ай мерзіміне белгіленген соммада ай сайынғы қосымша ақы белгілеу туралы шешімі қабылданған.
Аталған қосымша ақы медициналыөқ қызметкерлерге әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорынан төленетін болады.