Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жас жауынгерлер Отанға адал болуға ант берді

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жас жауынгерлер Отанға адал болуға ант берді

Салтанатты жиында Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарының әскери бөлімдерінде мыңға жуық жауынгер-десантшы ант берді.

Еліміздің әр аймағынан ұлдарын қолдауға келген ата-аналар жас сарбаздардың серт берген сөздерін естіген сәтте толқып, ерекше мақтаныш сезіміне бөленді. 

– Ұлымның десанттық әскерлерге келгеніне бір ай болды. Демалыс күндері қоңырау шалып, қару ұстауды үйренгені, қоян-қолтық ұрыстың әдістерін, саптық дайындықты меңгергенін, яғни жеткен жетістіктерін әңгімелеп береді. Өз бөлімшесінің балаларымен достасып, олармен бірге алғашқы оқ ату және бронды көлік жүргізіп сынағандарын да айтты,  – дейді жас сарбаздың анасы Рәзия Ахметова.

Отанға адал болуға ант берген жас сарбаздарды Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасарлары, әскери бөлімдер командирлері, Қарулы күштер ардагерлері, туыстары мен жақындары құттықтады.

– Бүгін командирлерім мен жолдастарымның алдында Отаныма адал болуға ант бердім. Бұл мен үшін толқитын әрі өте салтанатты сәт. Анттың сөздерін өмір бойы есте сақтаймын, – деді Ақмола облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Кирилл Корешков.

Салтанатты рәсімге қатысқандар үшін әскерге жаңа келген сарбаздар арасынан қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрнекілеп, мина атқыштар мен зениттік қондырғыларды ұрысқа келтіру нормативтерін орындады, ғимаратқа шабуыл жасау іс-қимылын көрсетті.

Ресми рәсім аяқталған соң сарбаздардың туыстарына казармалық үй-жайлар, асхана, оқу аудиториялары, қару-жарақ пен техника көрсетілді, әскери қызметшілер бұларды зерделегеннен кейін оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын болады.

Бір жыл ішінде жастар жауынгерлік даярлық бағдарламасын, берілген техника мен қару-жарақты меңгереді, әуе-десанттық даярлығынан өтеді, моральдық және күш-қуат тұрғысынан шыңдалып шығады.