Әскери музыканттар қазақстандықтарды мерекелік шеруімен құттықтады

Әскери музыканттар қазақстандықтарды мерекелік шеруімен құттықтады

Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Әскери қызметшілер "Керуен Сити" сауда-ойын-сауық орталығы мен "Бәйтерек" монументінің жанындағы алаңда мерекелік бағдарламаларын ұсынды. 

Көркем музыкалық композициялар, салтанатты шерулер мен соғыс жылдарындағы әуезді әуендер көрермендерді бей-жай қалдырмады. Олар Отан қорғаушыларға қошеметпен қолдау көрсетіп, алғыстарын айтты. Таныс әндерді бірге шырқап, естелікке суретке түсті.