
Отанымыздың бас қаласы – Астанада мамыр айында Қазақстанның қорғаныс ведомствосы бірқатар шаралар ұйымдастырады.
Жетінші мамыр – Отан қорғаушы күніне орай сағат 17-де "Керуен Сити" сауда ойын-сауық орталығында және сағат 19-да "Бәйтерек" монументінің жанында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі мерекелік концерттік бағдарламамен өнер көрсетеді.
Сегізінші мамыр күні сағат 12-де Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Григорьевич Кулик тұратын үйдің ауласында Орталық әскери оркестрдің қойылымы өтеді.
Тоғызыншы мамыр күні сағат 17-де "Керуен Сити" сауда ойын-сауық орталығында Орталық әскери оркестрдің әскери-патриоттық бағдарламасы жоспарланған.