
Қарулы күштері Әскери полициясының бас басқармасы «Әскери полиция органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының әскери полиция органдары мен қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға сәйкес келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасы Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер дайындады.
Аталған өзгерістер Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғыларына, гауптвахталар мен уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар бөлігіндегі қатысты.
Жарлық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 4 мамырына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14503216 сілтеме арқылы танысуға болады.