ЕҚЫҰ әскери инспекторлары қазақстандық мамандардың жоғары деңгейін атап өтті

ЕҚЫҰ әскери инспекторлары қазақстандық мамандардың жоғары деңгейін атап өтті

Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты аясында Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің инспекциялық тобы АҚШ, Венгрия инспекторларының қатысуымен «аталған ауданға» инспекция жүргізді.

Әскери сарапшылар инспекцияланатын ауданды армиялық авиация тікұшағымен айналып өтіп, елордадағы десанттық-шабуылдау құрамасында және Қарағанды облысындағы 610 авиациялық базада болды.

Инспекция өзара түсіністік пен ынтымақтастық жағдайында өтті. Көпұлтты инспекциялық топ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығына іс-шараны өткізуге көмектескені үшін ризашылығын білдірді.

Әскери инспекторлар қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби деңгейін және Қазақстан Республикасының қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындап отырғанын атап өтті.