
Бүгін Қазақстан Әскери Әуе күштері әскери-көлік авиациясының С-295 екі ұшағы Жетіген-Үрімші-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша маңызды ұшу сапарын орындады. Әскери ұшқыштар Елордаға Қытайдан 10 дәрігер мен 5,5 тонна жүкті, негізінен медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді жеткізді.
Медициналық мамандар тобы Қытайдан қазақстандық тараптың шақыруы бойынша келгені белгілі. Оның құрамында коронавирустық инфекцияның алдын алу және COVID-19 ауруларын емдеуде қажетті тәжірибесі бар Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының білікті дәрігерлері бар.
Қытай делегациясының миссиясы коронавирусқа қарсы күресте қазақстандық медицина қызметкерлеріне консультациялық әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Шыңжаң мамандары аурудың алдын алу, бақылау, байланыстарды анықтау және оқшаулаудың қытайлық механизмімен таныстырады. Олар қазақстандық медициналық мамандарға қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына өздерінің ұсыныстарымен бөліседі.
Қазақстанның Әскери Әуе күштері әскери-көлік авиациясының ұшқыштары төтенше жағдай кезеңінде арнайы міндеттерді алғаш орындауы емес.




