
«Аналардың әскердегі ұлдарының қызметін көру» акциясы аясында Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтына «Аналардың жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина барды.
Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқу орнының бастығы полковник Бауыржан Ибатулин келген өкілге курсанттардың тұратын жері, тамақтануын, бос уақытын қалай өткізетіні және спортпен шұғылдануды ұйымдастыруға жасалған жағдайды көрсетті.
Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында Татьяна Тропина тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары полковник Дархан Үмбетовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар курсанттарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушілердің рацион сапасы мен міндеттемелерін орындауын бақылауды қамтамасыз ету аспектілерін талқылады.
Одан өзге арнайы ата-аналар үшін әскери полиция өкілдерімен кездесу де ұйымдастырылып, олар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, курсанттардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау жайлы сұрақтарға жауап берді.
Тамақтануды ұйымдастыру, диетаның әртүрлілігі және азық-түлік рационының нормаларын сақтау мәселелері басты назарда екені айта кеткен жөн. Осыған байланысты ата-аналар қоғамымен бірлесіп әскери бөлімдерде тамақ дайындауды бақылау, азық-түлік нормаларын толық жеткізу жөнінде бірлескен шаралар тұрақты түрде іске асырылатын болады.