
Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына толықтыру енгізеді.
Бұйрыққа толықтыру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүгінген кезде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі ведомствоаралық жол картасының 2-тармағының негізінде енгізіледі.
Осыған байланысты мұрағаттық анықтамаларға және Орталық мұрағат мұрағаттық құжаттарының көшірмелеріне апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында құжаттар топтамасын тапсыру және қызмет көрсету үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он бес минут деп белгіленеді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 14 сәуіріне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14472129