Қорғаныс министрінің 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау сөзі

Қорғаныс министрінің 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау сөзі

Құрметті арулар! Аяулы асыл жандар!

Сіздерді адамзатқа жылылық сыйлап, табиғаттың оянып, жандануымен қатар келетін шұғылалы көктем мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Батыр аналарымыздан қалған азаматтық және патриоттық эстафетаның жалғасы ретінде қазіргі уақытта әйел азаматшалар ерлермен бірге Қарулы Күштер қатарында еліміздің бейбіт өмірін сақтауға белсене атсалысып, әскери өмірдің ауыртпалығын еңсере қызмет өткеруде.

Бүгінгі күні Қарулы Күштер қатарында жеті мыңға жуық әскери қызметші әйел бар. Олар байланыс, медицина, қаржы, тәрбие, психология және басқа салаларда үлес қосып, адал қызмет атқаруда. Көптеген азаматшалар әскери ғылым саласын дамытуға да еңбегін сіңіріп келеді.

Осынау шуақты мейрамда сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, бақыт, әрқашан ашық аспан, қызметте табыс тілеймін!