Астанада әскери қызметші әйелдерге құрмет көрсетілді

Астанада әскери қызметші әйелдерге құрмет көрсетілді

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Армиядағы айымдарды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов құттықтады.

 –  Біздің халық ежелден әйелге үлкен құрметпен қараған. 8 наурыз – көктемнің ең керемет мерекелерінің бірі. Біз бұл күні аналарымызға, әйелдерімізге, әпкелерім бен қыздарымызға ерекше ризашылық білдіреміз, –  деді ол.

Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға буын өкілдерінің ерлігін де еске алды:

–  Ер адамдармен бірге әйелдер де алдыңғы қатарда болды. Олар жауынгерлердің жоғары рухын сақтап, ерлерді ерлікке шабыттандырды. Нәзік жандылар көптен күткен жеңіс сәтін жақындата отырып, тылда да аянбай еңбек етті.

Бүгінгі таңда атқарған лауазымына қарамастан, әскери қызметші әйелдер Қарулы күштерде лайықты қызмет атқарып жүр. Жиналыста ерекше көзге түскен әйелдерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қорғаныс министрінің атынан бірқатар Қарулы күштердің ардагерлеріне алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған, көрермендерге жарқын эмоциялар мен көктемгі көңіл-күй сыйлаған мерекелік концертпен аяқталды.