
Қорғаныс министрлігі ҚР Үкіметінің "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аумақтардың тізілімін бекіту туралы" 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы жоғарыда көрсетілген қағидаларды "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Президенттің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887, "Нұр-Сұлтан қаласы – Қазақстан Республикасының астанасын Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы деп қайта атау туралы" және 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 "Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы" 2022 жылғы 3 мамырдағы № 885 Жарлықтарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде ағымдағы жылдың 17 наурызына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14437928 сілтеме бойынша танысуға болады.