Жұмыс сапары аясында Әзербайжан армиясының делегациясы Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде болды.
Кездесуге еліміздің қорғаныс ведомствосының Халықаралық ынтымақтастық, Әскери білім және ғылым департаменттерінің басшылары қатысты.
Пікір алмасу барысында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери білім мен ғылым саласындағы Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығын нығайту мәселелеріне тоқталып, осы бағыттың перспективаларын атап өтті.