Өнер өрнегіндегі ынтымақтастық

Өнер өрнегіндегі ынтымақтастық

Астанада Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен «Қазақстан композиторлар одағы» қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды.

Құжатты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Асенов пен Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров қол қойып бекітті.

Меморандум қазақстандықтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және рухани-мәдени дамыту саласындағы ынтымақтастыққа бағытталып отыр.

Тараптар Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен Қазақстан композиторлар одағының ынтымақтастығы пайдалы әрі жемісті болатынына сенім білдірді.