
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» жарлығына сəйкес Қазақстанда көктемгі шақырылу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы 285 Жарлығына және ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26 бабы 5 тармағына сәйкес елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты 2019 жылы көктемде әскерге шақырылғандарды аскери қызметтен шығару тоқтатылады.
Әскери қызмет өткеру кезеңінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер барлық үлеспен, атап айтқанда заттармен, азық-түлікпен және қаржымен, сондай-ақ тұрғылықты жермен қамтылатын болады.
Осыған байланысты, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару мен жастарды әскерге шақыру мерзімі төтенше жағдайлар режимінің аяқталуын ескере отырып, белгілі болады.