Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың ақылы қызмет көрсету қағидалары бекітіледі

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың ақылы қызмет көрсету қағидалары бекітіледі

Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының, оның филиалдарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын әзірледі.

Аталған нормативтік құқықтық құжат Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес дайындалды. Қағидаларда Қарулы күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалар үшін іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету көзделген. Қызметтер дегеніміз концерттер, салтанатты іс-шаралар, қабылдаулар, форумдар, конференциялар, кинотүсірілімді және т. б. өткізу. 

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде ағымдағы жылдың 24 ақпанына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14404797 сілтеме бойынша танысуға болады.