Әуе кемелеріне белгі салу жөніндегі нұсқаулық бекітіледі

Әуе кемелеріне белгі салу жөніндегі нұсқаулық бекітіледі

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 499 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу және қосымша тану белгілерін салу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Құжат «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 66-1-тармағына сәйкес келтіру мақсатымен әзірленді. Бұйрық жобасымен «ұшқышсыз ұшу аппараттары» деген сөздер «ұшқышсыз әуе кемелері» деген сөздермен ауыстырылды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 23 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14403311