Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерін тіркеу қағидаларына өзгеріс енгізіледі

Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерін тіркеу қағидаларына өзгеріс енгізіледі

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қорғаныс министрінің бұйрығының жобасын дайындады.

Аталған құжат «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 66-1-тармағына сәйкес келтіру мақсатында әзірленіп отыр. Бұйрықтың жаңа редакциясында «ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар» деген сөздер «ұшқышсыз әуе кемелері» деген сөздерге ауыстырылды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 23 ақпанына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14403350 сілтеме арқылы танысуға болады.