Қорғаныс министрлігі мекемелерінің әуежай қызметі саласында қызметтер көрсету қағидалары бекітіледі

Қорғаныс министрлігі мекемелерінің әуежай қызметі саласында қызметтер көрсету қағидалары бекітіледі

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы «Әуежай қызметі саласында маманданған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсету және осындай қызметтерді сатудан түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.

Құжат «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңы 24-бабының 2-тармағын іске асыру үшін әзірленіп отыр. Нормативтік құқықтық акт Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелеріне әуежай қызметін жүзеге асыруға өкілеттік беруді көздейді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 16 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1439855