Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

Аягөз қаласының маңында әскери техниканың шоғырлануына қатысты, 2020 жылдың 18 наурызында бұрын бекітілген жауынгерлік әзірлікті тексеру жоспары бойынша Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірі жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілгенін хабарлаймыз.

Барлық техника дұрыс және белгіленген уақытта шықты. Техника мен әскери қызметшілер өздерін жақсы көрсетті. Марш жасау тоқтатылды. Қосымша техникаға арнайы өңдеу жүргізіліп, екі сағаттан кейін тұрақты орналасқан пунктке қайтарылды.

Тексеріс Қарулы Күштерде коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралар аясында өткізілді. Және бұл соңғы кезең болды.

Бүгінгі күннен бастап ҚР ҚК Бас штабының нұсқауы бойынша тұрақты орналасқан пункттерден тыс барлық тексерулер тоқтатылды.

Жылына орта есеппен Қарулы Күштерде әскерлердің жауынгерлік әзірлігіне жүзден астам тексеру жүргізілетінін атап өткен жөн.