
Әскери полиция бас басқармасы ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген ҚР Қарулы күштері Әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидаларын қайта өңдеді.
Нормативтік құқықтық құжатта қызметтік міндеттерін орындау кезінде және қызметтен тыс уақытта (тұрмыста) әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің мінез-құлқының негізгі нормалары өзектендірілді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталындағы "Ашық НҚА" бөлімінде осы жылдың 27 қаңтарына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14382849 сілтеме бойынша танысуға болады.