Қызметтік тұрғын үйді жалдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгеріс енгізіледі

Қызметтік тұрғын үйді жалдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгеріс енгізіледі

Әскери инфрақұрылым бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметтік тұрғын үйін жалдау шартын жасасу және ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Аталмыш құжат «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы  № 467/НҚ бұйрығының 1297-тармағына сәйкес әзірленді.

Бұйрықтың жаңа редакциясы ҚР Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасын көздейді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 9 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14393760