
Қорғаныс министрлігі ҚР Үкіметінің «Заңды тұлғалардың көлік құралын оқу-жаттығуға тарту туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Аталмыш құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысымен бекітілген жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағында әскери-көліктік міндеттер қағидаларының 21-тармағына сәйкес әзірленіп отыр.
Қаулыны іске асыру жұмылдыру тапсырысына ҚР Қарулы күштеріне сәйкес заңды тұлғалардың көлік құралдарын жеткізуге техникалық жай-күйі мен дайындығын тексеруге мүмкіндік береді.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 6 ақпанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14391404