Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

2022 жылғы тамызда «Шөлдала» шекара заставасында мерзімді қызметін өткерген Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі сарбазының қаза болуына байланысты БАҚ-тың көптеген сауалдарына бұл жағдайдың ҚР Қарулы Күштеріне қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.

Қандай да бір мәлімет алу үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы күштік құрылымдарының қатарына шақырылған ел азаматтары Қарулы күштердің бөлімшелерінде ғана емес, Ұлттық ұланның (ІІМ), ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімшелерінде де қызмет атқаратынын естеріңізге саламыз.