Күдіктілер мен айыпталушыларды гауптвахтада ұстау ережелері қайта қаралды

Күдіктілер мен айыпталушыларды гауптвахтада  ұстау ережелері қайта қаралды

Әскери полиция бас басқармасы ҚР Қарулы күштері Әскери полиция органдарының гауптвахтасында күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау және ішкі тәртіп ережелерін қайта қарады.

Қарулы күштер гауптвахталарының қызметі Қазақстан заңнамасының нормаларымен, Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және халықаралық актілермен реттеледі.

Нормативтік құқықтық акт оларға қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын, әскери қызметшілердің ішкі тәртібі мен ұстау тәртібін айқындайды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 27 қаңтарына дейін сілтеме келесі бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14382699