
Әскери полиция бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшілерді (әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларының» жобасын әзірледі.
Қағидалар әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшілерді айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 27 қаңтарына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14382784