
Әскери полиция бас басқармасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітілген ҚР Қарулы күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіп пен онда сотталғандарды ұстау ережелері қайта әзірленді.
Бұл нормативтік құқықтық құжат гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді қабылдау, заттарға тексеру жүргізу тәртібін, сондай-ақ гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 27 қаңтарына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14382715