Каспий теңізінде әскери теңізшілер курстық тапсырманы орындады

Каспий теңізінде әскери теңізшілер курстық тапсырманы орындады

Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі текті корабльдер дивизионы кеменің жеке жүзуі бойынша жауынгерлік іс-қимылмен К-2 курстық міндетін атқарды.

Мұндай іс-қимылдар су үсті кемесінің жүзуге және жауынгерлік іс- қимылдарды жеке жүргізуге дайындығының негізі болып саналады.  Сонымен қатар міндеттер теңізде, зәкірде және арқандап байлауда өңделеді.

Курстық міндетті орындау барысында әскери теңізшілер түрлі арнайы іс- шаралар мен іс-қимылдарды орындау кезінде кемені басқару дағдыларын, сондай-ақ жүру барысында қару-жарақ пен техникалық құралдарға ақаусыз қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру және тәжірибелік дағдыларын, әртүрлі жағдайларда жүзу және кеменің іс- қимыл қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды пайдалану режимдері мен тәсілдерін пысықтады.

Міндетті орындаудың маңызды бөлігі ретінде кемені өз бетінше және қамтамасыз ету және қолдау күштері мен құралдарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша жауынгерлік (қамтамасыз ету) әрекеттердің барлық түрлерін жүргізуге дайындау болды. Әскери теңізшілер барлық қорғаныс түрлерін қамтамасыз ету, кеменің өміршеңдігі үшін қорғаныс және күрес, кемені жеке жүзуде бүркемелеу үшін қару мен техникалық құралдарды қолдану тәсілдерін орындады.

Сондай-ақ, пысықталған элементтер кеменің жауынгерлік мүмкіндіктерін анықтау және жан-жақты игеру мақсатында жауынгерлік жағдайға барынша жақындады.

Әскери-теңіз күштері қолбасшылығында атап өткендей, мұндай іс- шаралар кеме экипаждарының жеке құрамының жауынгерлік даярлығын, бірлесіп жүзу кезіндегі үйлесімділікті, экипаждың әрбір мүшесінің өзінің жауынгерлік бөлімі мен жалпы кеме үшін жауапкершілігін арттырады.