Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2020 жылдың 14 наурызы күні Қапшағай қаласында қара металл жинау пунктінде болжаммен, басқарылмайтын авиациялық снарядты кесуге әрекет ету кезінде жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан металл сынықтарын сұрыптаушы қаза тапты.

Қабылдау пункті иесінің сөзіне қарағанда, 13 наурыз күні кешке белгісіз үш адам (қазіргі уақытта ұсталған) металл сынықтарын алып келген, оның ішінде басқарылмайтын авиациялық снарядт болған.

Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, барлық жағдайлар нақтылануда.

Аталмыш снарядтар заңсыз әкелуі мүмкін болжамды орын, «Қазақстан» оқу полигоны. Ол жерде жыл сайын 5 мыңға жуық зымыран атылады.

Әрбір оқу кезеңінен кейін жылына екі рет (сәуір-мамыр және қазан-қараша айларында) әскери саперлер полигонды жарылмаған оқ-дәрілерден жаппай тазартуды жүргізеді. Алайда, кейбір фрагменттер жерге кетуі мүмкін.

Елді мекендерден алыс орналасқан полигон шамамен 6000 га жерді алып жатыр.

Полигонда басшылық құжаттардың талаптарына сәйке әрбір 100 метр сайын  өтуге тыйым салынған «қауіпті аймақ, өтуге тыйым салынады»  туралы ескерту белгілерімен орнатылған.

Оқу полигонын күзетуді полигонға қызмет көрсету тобының жеке құрамы жүзеге асырады.

Сонымен қатар, қабылданған шараларға қарамастан, «металл сынықтарын жинаушылар» оқ-дәрі фрагменттерімен қоса  полигонға заңсыз еніп, металлды жинайды. Өз кезегінде, әскери полиция органдары жүргізген түсіндіру жұмыстарына қарамастан, оларды жинау пункттері заңсыз қабылдайды.

Сондай-ақ, металл сынықтарын жинаушылар талаптар мен тыйымдарды елемегені, ал қабылдау пункттері жарылыс қаупі бар заттарды қабылдай отырып өрескел қате жіберуі алғаш рет емес.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі металл сынықтарын және азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян (залал) келтіруге қабілетті әскери және өзге де мақсаттағы заттарды қабылдауға тыйым салу туралы заңнамаға бірнеше рет түзетулер енгізуге бастамашылық жасады.

Қазіргі уақытта аталмыш қызмет түрін лицензиялауға кызығушылық тудырған мемлекеттік органдармен келісу жүргізілуде, ол бүгінгі күні іс жүзінде реттелмеуде.

Өкінішке орай, қаза болған адам заңсыз жинаудың және тыйым салулар мен қауіпсіздік талаптарын бұзудың құрбаны болды.

Қазіргі уақытта металл сынықтарын жинаушылар ұсталды және тергеу жүргізілуде.