Авиатехник Иманалиннің сүйікті ісі мен берік отбасы

Авиатехник Иманалиннің сүйікті ісі мен берік отбасы

Армия күнделікті қажырлы еңбегімен бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын, жалпы алғанда, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген өз ісінің шебері, кәсіпқойларға ұдайы қолдау көрсетіп келеді.

Авиациялық эскадрильяның әуе жабдықтарына қызмет көрсету тобының маманы ефрейтор Сұңғат Иманалиннің Қарулы күштердегі қызметі он жылдан асады. Бүгінде ол Алматы авиациялық базасында Ми-17, Ми-35 тікұшақтарына қызмет көрсетумен айналысады. Әуе кемелерінің мінсіз күйде болуы үшін барын салып еңбек етіп жүрген маман әріптестері арасында құрметке ие.

– Біздің қызметте ұсақ-түйек деген түсінік жоқ. Өз ісіне адал, білікті маман ефрейтор Сұңғат Иманалин тікұшақ жабдықтарының техникалық жай-күйін тексеру мен оларға қызмет көрсетумен айналысады. Жедел және жауынгерлік даярлық іс-шаралары, халықаралық және түраралық жаттығулар барысында оқу-жауынгерлік міндеттердің сапалы орындалуы да осыған байланысты, –  дейді эскадрилья командирінің орынбасары майор Нұрберген Тәшімов. 

Жаңа жыл қарсаңында әскери қызметші Сұңғат Иманалиннің отбасын Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов арнайы құттықтап барып, сыйлықтар табыс етті. Сұңғат өзін білікті маман ретінде көрсетумен қатар, өмірлік серігі Ақмарал екеуі сегіз қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы.

Ерлі-зайыптылар балаларының ата-анасының қамқорлығы мен қолдауын сезінуі үшін бәрін жасап келеді. Қарбаласқа толы жауапты қызметке қарамастан, Сұңғат балаларымен бірге болуға да уақыт табады. Олардың сабаққа дайындығы мен спортпен айналысуын қадағалап, бірге кітап оқиды, шахмат-дойбы ойнайды.