Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасында әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасында әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі еуроатлантикалық қауіпсіздік департаментінің директоры Ник Гуррмен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Тимур Дәндібаевпен өңірлік қауіпсіздік мәселелері және әскери ынтымақтастықтың келешектегі бағыттары талқыланды.

Ұлыбританиямен өзара іс – қимыл шеңберіндегі негізгі күш-жігер дәстүрлі түрде ҚР ҚК-нің бітімгершілік әлеуетін нығайтуға бағытталған. Атап айтқанда ағылшын тілін үйрену, инженерлік-саперлік, бітімгершілік пен әскери-медициналық даярлық курстарын меңгеру, Ұлыбритания ҚК-нің бітімгершілік операцияларына қатысу тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ «Дала қыраны» оқу- жаттығуларын өткізуге жәрдемдесу.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасындағы 2020-2021 қаржы жылына арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Сонымен қатар, Ник Гурр Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары мен профессор-оқытушылар құрамына, сондай-ақ ҚР ҚК өкілдері үшін қорғаныс ведомствосы мен Ұлыбританияның сыртқы саясаты бойынша брифинг ұсынды.