
Өзбек тарапының шақыруымен Ташкентке Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бастаған қазақстандық делегация келді.
Сапар аясында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Өзбекстан Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Хамдам Каршиевпен кездесті. Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Өзбекстан оқушыларының жыл сайынғы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу мүмкіндігі қарастырылды.
Сапар 8 желтоқсанда атап өтілетін Өзбекстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтеді. Бауырлас елдердің қорғаныс ведомстволары басшылары арасындағы уағдаластық бойынша мерекелік іс-шараларға Қазақстан Қарулы күштерінен Орталық әскери ансамбль және «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері қатысады.