Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілуде

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілуде

Әскери білім және ғылым департаменті қорғаныс ведомствосы басшысының "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық акт "Білім туралы" заңға, Оқу-ағарту министрінің "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы, Ғылым және жоғары білім министрінің "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы". бұйрықтарына сәйкес әзірленді.

НҚА жобасымен "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қорғаныс ведомствосы басшысының
№ 32, "Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" № 34 және 2016 жылғы 22 қаңтарда бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамадан өту және ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы". № 36 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау Қорғаныс министрінің бұйрықтарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының білім беру қызметінің ұйымдық-құқықтық рәсімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14320537