
Қорғаныс министрлігінің Заң департаменті "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына толықтыру енгізу туралы "ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба Мемлекет басшысының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 22-63-10.108 өтініштермен жұмысты басқару вертикалын одан әрі дамыту және азаматтар көтеретін жүйелі проблемаларды шешуде Үкіметтің рөлін арттыру мәселесі жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Нормативтік құқықтық акт жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталынның "Ашық НҚА" бөлімінде 2022 жылдың
25 қарашасына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14306734