
Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің, Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар Ұйым шеңберіндегі практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойып, Ереванда өтіп жатқан ҰҚШҰ саммитінде Мемлекет басшыларының қарауына ұсынатын құжаттардың жобаларын келісті.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов армениялық әріптесі Сурен Папикянмен кездесті. Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.